Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық фанат: Майкл Джексон тірі болғанда Димаштың өнерін бағалап, қолдау танытар еді

Димаш Құдайбергеннің Америкадан келген жанкүйері Патрисия Груллион Майкл Джексон мен Лучано Павароттиді жас таланттарға ізет көрсете білген тұлғалар екенін айтады.

«Олар сені (Димашты — ред.) шын жүректен жақсы көрген болар еді. Екеуінің де концертіне барып, олардың жанды дауыстағы орындауына куә болдым. Сенің ағылшын тілінде көбірек жазып, сөйлей бастағаныңа өте қуаныштымын және мақтан тұтамын. Осы қарқыныңнан тайма», — дейді Патрисия Груллион.

Америкалық фанат Димашқа бүкіл әлем назарын Қазақстанға бұрғанын мақтанышпен жеткізді, деп жазады aktobenews.kz.

Айта кетейік, Патрисия таяуда Ақтөбеге келіп кеткен болатын. Алыстан келген жанкүйерді Димаштың анасы Светлана Айтбаева мен Ақтөбедегі фанаттар тобының жетекшісі күтіп алды. Патрисия Груллион Димаш білім алған музыкалық колледжде болып қайтты.

«Менің арманым орындалып жатыр. Мен сенің талантыңа бас иемін. Біздің саған деген махаббатымыз бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйерлердің басын қосты, біз өзімізді үлкен бір жанұядай сезінеміз. Біз сені қатты жақсы көреміз. Махаббат және сүйіспеншілікпен Патрисия», — деп жазады ол өзінің желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)

10 жылдан бері ауру анасын қолына көтеріп жүріп тамақтандырған ұлы елдің жүрегін елжіретті

Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды (видео)

Талқылау