Америкалық әйел күйеуіне жүктілігі туралы ұшқыштың көмегімен айтты (видео)
Қызық жағдай Лас-Вегастан Филадельфияға ұшып бара жатқан American Airlines әуе компаниясының ұшағында орын алды. Америкалық Лиза Сэдевник өзінің күйеуіне екіқабат екені жайлы әуе кемесінің командирі арқылы хабарлаған.

Сурет Фейсбук әлеуметтік желісінен алынды
“Маған бір жазба беріп жіберіпті. Соңына дейін оқып берейін. Лас-Вегаста керемет жүлдеге ие болған бақытты жеңімпаздың есімін жариялауға рұқсат етіңіздер. Назарларыңызды 29Е креслосындағы азаматқа аударуларыңызды сұраймын. Онда сіздер өзінің әйелі Лизамен саяхаттап бара жатқан Эрикті көресіздер. Эрик, құттықтаймын! Сен әке атандың”, – деп хабарлаған ұшқыш.
Бұдан соң ұшақ іші соғылған шапалақ дуылына толып кетті, ал Эрик болса қуаныштан көзіне жас алады. Үйге келгеннен кейін Лиза бейнежазбаны Фейсбуктағы парақшасына жүктеп қойған.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?