Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өзіне қол салып, көз жұмды
Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды журналист Жанар Байсеміз жеткізді.
“Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ… Неткен өкініш… Неткен қасірет… Динара, кешір мені, кеш бізді… Рухың пейіште шалқысын. Жап-жарық едің… Қош бол, Жарық Күн”, – деп жазды ол.
АҚШ-та тұратын 25 жастағы Динараны Қостанай қаласынан 6 жасында асырап алған. Ол көптеген қазақ жобаларына қатысып жүрген еді.
Айта кетейік, 1999-2012 жылдар аралығында қазақстандық балаларды көптеген америкалық отбасылар асырап алған еді. Бейресми деректер бойынша, осы уақыт ішінде АҚШ-та Қазақстаннан 10 мың бала асырап алынған.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"