Америкалық әйел бағып алған қызының қазақстандық ата-анасын іздейді
АҚШ тұрғыны бағып алған қызының қазақстандық ата-анасын іздеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Кристен Демшок есімді америкалық "Kazakh American Association" Facebook-тегі парақшасында жазыпты.
"Бәріне сәлем! Біз қазақстандық екі қызды бағып алған едік. Кішісінің отбасымен біз араласып тұрамыз, алайда үлкен қызымыздың ата-анасымен байланысымыз үзіліп кетті. Бұған себеп - нөмірлердің ауысуы. Мен олардың есімдері мен мекенжайын білемін. Бірақ олармен қалай байланысудың білмеймін. Олар Көктас деген елді мекенде тұрады. Менің қызымның жасы 17-де, ол өзінің туған ата-анасымен сөйлескісі келеді. Кім бізге олардың нөмірлерін тауып бере алады?" - деп жазыпты америкалық әйел.
Сөзінше, соңғы рет қазақстандық отбасымен олар екі жыл бұрын хабарласқан.
Еске салайық, бұған дейін Америкалық бойжеткен 17 жылдан кейін Қазақстаннан өзінің биологиялық әке-шешесін іздеуде екені айтылған еді.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
