Америкаға жауап: Қытай АҚШ-тың Чэндудағы бас консулдығын жауып тастады
Қытай АҚШ-тың Чэнду қаласындағы бас консулдығының ресми жабылуы туралы жариялады. Бұл туралы ҚХР СІМ-нің мәлімдемесінде көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қытай тарапының талаптарына сәйкес, дипломатиялық миссия 27 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 10: 00-де жұмысын тоқтатты. АҚШ-тың ұлттық туы бас консулдықтағы тутұғырдан түсіріліп, барлық қызметкерлер ғимараттан кетті.
Осыдан кейін Қытайдың құзырлы органдарының өкілдері мекеме аумағына негізгі қақпадан кіріп, оны өз қарамағына алды.
АҚШ-тың Чэнду қаласындағы бас консулдығы 1985 жылы ашылды және елдің оңтүстік-батысына, соның ішінде Сычуань, Юньнань провинциялары, Гуйчжоу, Тибет автономды ауданы, сондай-ақ Чунцин орталық бағынышты қаласына жауапты болды. Консулдық стратегиялық маңызды орында оналасқан еді: бұл оңтүстік-батыс провинциялары арасындағы жалғыз америкалық өкілдік.
24 шілдеде Қытай АҚШ-тың Чэнду қаласындағы бас консулдығын құруға және басқаруға берілген лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылдады, сондай-ақ бас консулдыққа кез келген қызмет пен іс-шараны тоқтатуға нақты талаптар қойды.
Бастапқыда Пекин Уханьдағы америкалық өкілдікті жапқысы келді, бірақ бұл қадам айтарлықтай зиян тигізбейтін еді: өйткені АҚШ барлық қызметкерлерді COVID-19 пандемиясы басталған кезде-ақ, яғни 2020 жылдың қаңтарында эвакуациялады.
Еске сала кетейік, 22 шілдеде АҚШ Қытайдан Хьюстондағы бас консулдықты 72 сағат ішінде жабуды талап етті.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
