АҚШ Қытайдан Хьюстондағы бас консулдығын жабуға 72 сағат берді

АҚШ Қытайдан Хьюстон қаласындағы бас консулдығын жабуды талап етті. Ақпаратты ҚХР-ның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбин растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Global Times басылымының бас редакторы Ху Сицзинь АҚШ Қытайдан Хьюстондағы бас консулдықты 72 сағат ішінде жабуды талап еткенін мәлімдеді.

"21 шілдеде АҚШ Қытайдан Хьюстондағы бас консулдықтағы барлық жұмыс пен іс-шараларды тоқтатуды талап етті", - деп растады ҚХР сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі.

Қытай АҚШ-тан бас консулдықты жабу туралы шешімді дереу қайтарып алуға шақырды.

"Бұл АҚШ бір жақты тәртіппен қабылдаған саяси арандатушылық, ол халықаралық құқықты, халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын және Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты консулдық келісімді айтарлықтай бұзады. Қытай ҚХР мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты доғаратын бұл өрескел және негізсіз қадамды қатаң айыптайды", - деді ҚХР СІМ өкілі.

Дипломат АҚШ-тың Қытайға қатысты стигматизация мен өшпенділікті тудыратынын, сондай-ақ АҚШ-тағы Қытай елшілігіне соңғы уақытта бомба қою, ал дипломатиялық қызметкерлерге - жазалау туралы хабарламалар келгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер АҚШ талабынан бас тартпаса, Қытай тарапы міндетті түрде шешуші жауап шараларын қабылдайды.

Reuters мәліметтері бойынша, Қытай АҚШ-тың талаптарына жауап ретінде Ухандьағы АҚШ консулдығын жабу мүмкіндігін қарастыруда.

"Дереккөз Қытай Ухань қаласындағы АҚШ консулдығын жабу мүмкіндігін қарастыратынын хабарлады", - делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік хабарлағандай, АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус Вашингтон америкалықтардың зияткерлік меншігі мен жеке ақпараттарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Хьюстондағы бас консулдықты жабуды тапсырғанын мәлімдеді.

Ол АҚШ-тың ҚХР тарапынан егемендікті бұзуға және ел азаматтарын қорқытуға жол бермейтінін атап өтті. Ортагус АҚШ президенті Дональд Трамп Америка-Қытай қарым-қатынасындағы әділдік пен  өзара түсіністік қағидаттарын талап ететінін атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр