Америка билігі Трампқа қастандық жасауы мүмкін – БАҚ
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалуы мүмкін. Бұл туралы тележүргізуші Такер Карлсон радиожүргізуші Адам Короллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша Америка билігі мұндай әрекетке Трамптан қорыққандықтан немесе онымен күресудің басқа әдісін таппағандықтан баруы мүмкін.
"Импичмент жариялауды ұйымдастыру үшін жала жабылды. Содан кейін 2021 жылғы 6 қаңтарда Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге қатысты Трампқа қарсы дәлелдер ойдан шығарылды. Алайда мұның бәрі Трамптан құтылуға көмектеспеді. Керісінше оның танымалдығы оған қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін де өсті", – деді журналист.
Карлсон Трампқа қарсы қолданылған әдістер нәтиже бермегенін, сондықтан оған қастандық жасау келесі қадам болуы мүмкін екенін ескертті.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина