"Аман болсын": Айжұлдыз Адайбекова экс-күйеуін кешіргенін айтты
Айжұлдыз Адайбекова соңғы бір жылда басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Instagram жұлдызы жүктіліктің тоғызыншы айында екі рет операцияға түскенін, ештеңеге қарамастан экс-күйеуін кешіргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Тұрмысқа шыға салысымен түрлі қиындықтарға тап болған Айжұлдызды жүктілік кезінде токсикоз қатты мазалаған. Денсаулығы нашар болса да, бикеш жұмыс жасауды тоқтатпаған.
"Бұл суретте халім нашар. Отбасылық өмірде де, қаржылық жағдайым да! Оның үстіне, дәрігер де түсік тастау қаупі жоғары екенін айтты.
Бірақ мен камераға қарап, күліп тұрмын. Вебинар түсіріп, көңілімді басқа нәрсеге бұрып жүрмін.
Ештеңе қарамастан, күндіз-түні жұмыс істеп жүрген кезім. Дәл ара сияқты. Кейде шаршап, жылаймын. Бірақ күшімді жинап, сеніп, алға қарай қадам басамын”, – деп жазады Айжұлдыз.
Адайбекованың мазасын қашырған токсикоз аяқталған соң, бәрі жақсы сияқты көрінген. Алайда тағдыр 25 жастағы болашақ анаға күтпеген сынақ алып келген.
"Жүктіліктің 9-айында аппендицит. Дәрігер "не операция, немесе бұл соңы" деді. Осы сәтте өмірімнің мәнін жоғалтқандай болдым. Сонда да берілмедім, қатты қорықсам да келістім.
3 аптадан кейін тағы операция. Елестетіп көрші, ішіңде 9 айлық бала, ал сенің ағзаң қалыпқа келіп үлгермеген.
Жасыратын несі бар. Осы 10 айда басымнан өтпегені жоқ. Бәрін бар қалпында қабылдадым. Жібердім, кешірдім. Дана бола түстім, есейдім", – дейді Айжұлдыз.
Сондай-ақ Адайбекова экс-күйеуі Қыран Талапбекті кешіргенін, оған сәттілік тілейтінін айтты.
"Оны баяғыда кешірдім. Сәттілік тілеймін. Өсе бер, құс! Өте көп хайп болды, бірақ бойымда негатив қалған жоқ. Қазақтың баласы! Аман болсын. Бұл өмір. Сондықтан оның парақшасынан шығып кетпей, керісінше қолдаңыздар", – деп түйіндеді сөзін ол.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова өмірлік оқиғаларын арқау етіп, Sup Julie атты кітап жазды.