Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Амал мерекесі" атауының шығу тегі

14 наурыз – қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Алайда кейбір тіл ғалымдары бұл мерекені көрісу деп атаумен келіспейді. Осы орайда бұл мерекенің атауына толығырақ тоқталамыз.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр Бөкенбайұлы көпшіліктің бұл мерекені «көрісу күні» дегенімен келіспейді.

Ол «14 наурыз «Көрісу айты» – көрісу күні емес. Ауызекі тілде көрісетін күн дегенмен, бұл бір күнмен шектелмейтін мейрам. Ежелде күллі қазақ даласында болған мереке, кейін ұмыт қалып, Батыс аймақтарында сақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбаларында ертеде «14 наурыз, ескіше 1 наурыз көктемнің бірінші күні деп қазақ «Наурыздама» тойлайтын еді, Ол 8, 9 күнге созылатын еді» дейді. 

Бұл мерекені Маңғыстауда «Амал мерекесі» деп айтады. Оны 14 наурыз амал – жаңа жыл, көктемнің бірінші күні, осы күні қар жауғанымен байланыстыруға болады. Басқа амалдар тойланбаса да, ең ерекше амал 14 наурыз тойланып, ол салт-дәстүрге айналып, ұлыстың ұлы мерекесіне айналған. 

Этнограф ғалым Досымбек Хатыран "Көрісу" 22 наурызда тойланып жүрген мейрамның негізгі мерекесі, дейді.

"1918 жылы Григориан күнтізбесіне өткенде қазақтың ай есебі шатасып кеткен, яғни күн күнтізбесімен шатасып кеткен. Ал қазақтың ай, күн есебі ай күнтізбесімен жүреді. "Ай жаңасы", "ай толған" деп есептеуді үлкен кісілер әлі біледі. Енді мынаны түсініп алайық, 22 наурызда тойлайтын Наурызымыз күн күнтізбесімен есептелген отырықшы халықтардың мейрамы болса, Көрісу - қазақтың атам заманнан келе жатқан ай күнтізбесімен есептелгендегі нағыз көшпелі халықтардың Наурызы. Сондықтан бұл өзіміздің ежелгі төл мерекеміз", - дейді ол.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр