Аляска тұрғындары аспанда пайда болған "шиыршық сақинаны" түсіріп алды
Америкадағы Аляска штатының тұрғындары аспандағы айналмалы сақинаға таңғалып, оны камераға түсіріп алған. Нысан аспанда NASA-ның эксперименті кезінде пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рetapixel.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: UAF
Фотографтар шамамен 70 миль биіктікке және 15 миль енге жететін алып шиыршық сақинаны түсіріп үлгерді. Қарлы пейзажда ағаштардың көлеңкелері жасыл солтүстік шұғыласының аясында көрінеді. Аспанда жарқыраған спираль тәрізді өрнек пайда болған.
PetaPixel сайтының мәліметінше, NASA-ның бірнеше зымыраны Аляска аспанын көгілдір жарқылдармен, иірімдермен және айналмалы сақиналармен көмкерді. Зымырандар Покер-Флет ғарыш айлағынан ұшырылған.
Бұл ұшырылымдар AWESOME (ағылшынша Auroral Waves Excited by Substorm Onset Magnetic Events) атты ғылыми тәжірибенің бір бөлігі ғана. Эксперименттің мақсаты – магнит дауылдарының Жердің термосферасына (жоғарғы атмосфера қабаты) әсерін зерттеу.
AWESOME жобасынан алынған деректер Күн дауылдарының салдарын болжауға, спутниктер мен энергетикалық жүйелерді қорғауға көмектеспек.
Илон Маск адамдардың Марсқа қашан бара алатынын айтты
Еске салайық, бұған дейін SpaceX компаниясы Жердің полярлық аймақтарына адамдарды ұшыратынын жазған едік. Ұшуды криптовалюта инвесторы Чун Ван қаржыландырады. Үш-бес күн ішінде олар Жердің Солтүстік және Оңтүстік полюстерінің үстінен ұшып өтіп, ғарыштың адам денсаулығына әсері туралы зерттеулер жүргізеді.