Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығуға келісті
Сауль Канело Альварес британдық Каллум Смитті жеңген соң, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Мен тек үздіктермен жекпе-жекке шығамын. Егер оны қабылдауға мүмкіндік болса, мен қабылдаймын. Алайда тек үздіктермен жұдырықтасатынымды көрсеттім",- дейді ол.
Еске салайық, бүгін, 20 желтоқсанда Альварес төрешілік шешімімен британдық Каллум Смитті жеңіп, екінші орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring белбеулерін жеңіп алды.
Головкин жақында орта салмақтағы IBF белбеуіне үміткер поляк Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңіп, 21-рет чемпиондық атағын қорғап қалды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі