Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева: Қыздарым атыма кір келтірмеуі керек

Төрт қыз тәрбиелеп отырған Алтынай Жорабаева аналық тәжірибесімен бөлісті. Әнші қыз бала тәрбиесінде неге баса мән беретінін әңгімелеп, қыздарының жеке қызығушылықтары туралы айтып берді.

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Қыздарым бимен айналысады, сурет салады. Мен бірдеңе жасасам, менімен қосылып отырады. Өзім қолдан әшекей жасағанды ұнатамын.
Көбінесе екінші қызым өнерге жақын сияқты. Шығармашыл, сурет салады, өз ойынан бірдеңелер құрастырады. Болмаса бір видеолар түсіріп, соны монтаждап отырады», – дейді Жорабаева.

Әнші үй тірліктерінде қолғабыс ететін көмекші ұстайтынын жасырмады. Алайда соған қарамастан, үйдің бар шаруасын қызметшіге артып қоймайтынын тілге тиек етті.

«Қыз бала болғаннан кейін ертең менің үйімде емес, Алла бұйырса барар жері бар. Басқа үйдің түтінін түтететін ана болады. Сол кезде менің атыма кір келтірмеуі керек. Сол үшін осы бастан олардың тәртібі, тазалығы бар. жауапкершілік деген сияқты.

Шаша береді. Көмекшіме өздеріне жинат деп айтамын, бір рет, екі рет жинайды. Бір күні қарасам Семанұр: «Көркем, ойнайтын ойыншықтарды ғана алайықшы», – деп түсініп жатыр. Соның бәрін айтамын, маған берген көмегің болсын, соның бәрін үйрет деймін.

Тіпті, қолымда племянниктерім де тұрады ғой. «СМС жазасыз ғой, соны ашып тыңдауға қорқамыз», – дейді. «Неге?» десем, «Неге ананы істемедің? Солай істеуге болмайтын ба еді? Неге соны ойламай жүрсіңдер?» – деген сөзіңіздің өзі бізге қатты тиеді. Өйткені көп ұрыспайсыз, айқайламайсыз. Сізді ренжітсе, жаман нәрсе істедік деген сөз», – дейді. Білмеймін енді, маған монстр сияқты қарамаңдаршы деймін», – деп бөлісті Жорабаева.

Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева ұлының әкесінен асқан режиссер болатынын айтып мақтанды

Әли Оқапов киноға түсті

Сырға таққан Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді

Баян Мақсатқызының экс қайын әпкесі: Бізді бар шындықты айтуға мәжбүрлемесін

Талқылау