Алтынай Жорабаеваның қызы жартылай жалаңаш суретімен желіні шулатты
Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы жартылай жалаңаш суретімен желіні шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Сәбит пен Алтынайдың жеке өмірі жұрт назарында болып келді. Үшінші рет отбасын құрып, 50-ге тақаған шағында ұлды болып жатқан Әбдіхалықов пен екінші некесінен бақыт тапқан Жорабаеваға желідегі жұрт түрлі пікір жазды. Ал бұл жолы көпшіліктің назарын Сәбит пен Алтынайдың ортақ некесінен туған қызы Аяулым аударды. Ол Instagram-да жартылай жалаңаш суретін жариялады.
Желі қолданушылары атағы дардай Әбдіхалықов пен Жорабаеваның қызына мұндай қылықтың жараспайтынын айтса, Аяулым да үнсіз қалмай, жауабын берді.
"Әкеңнен ұялмайсың ба, сүтті сиыр ұқсап", "Ұят-ай", "Атың шықпаса жер өрте деген", "Сен атақты, үлгі болған Жорабаеваның қызысың. Сенің әр қадамың аңдулы. Ертең интернет беттеріне шығып кетпе. Ұят, ар деп менталитетті Жорабаева өзі айтпай ма?" – деп жазды желі қолданушылары.
Ал биыл 20 жасқа толған бойжеткен көпшілікке жауап берді.
"Менің анам және мен – бөлек тұлғалармыз. Басымды қатырмашы", – деді Аяулым Сәбитқызы.
Айта кетейік, Сәбит пен Алтынайдың некесінен туған төрт қыз бар. Олардың үлкені Аяулым биыл ЖОО-ның 4-курс студенті болса, ортаншысы Айнара жуырда оқуға түсті.