Айнұр Тұрсынбаева келініне Iphone сыйлап, Ыстамбұлда той жасайтынын хабарлады
Жуырда келін түсірген Айнұр Тұрсынбаева Түркия төрінде дүркіретіп той жасамақ. Айтыскер ақын осы орайда ерекше мереке ұйымдастыратынын хабарлады. Ал күні кеше заңды некесін қиған ұлы мен келініне Тұрсынбаева қымбат сый жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мамыр айында Тұрсынбаева жалғыз ұлын үйлендіріп, келін түсірді. Алғашқыда мұсылманша некесін қиған жас жұбайлар өткен демалыста заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Осы ретте айтыскер ақын келініне қымбат сый жасады. Ол келініне бір құшақ гүл мен Iphone телефонын сыйға тартты.
Одан бөлек, айтыскер ақын үлкен тойды Түркияның Стамбұл қаласында тойлайтынын хабарлады. Тұрсынбаева бұл тойдың "ерекше" болатынын атап өтті.
Атыраудағы лотос алқабы: Мамандар жергілікті емес өсімдіктердің экожүйені жойып жіберуі мүмкін екенін айтты
Маман: "Инвазивті өсімдіктер өте жылдам таралып, су түбін көлеңкелейді және жергілікті өсімдіктерді ығыстырады"
14 жастағы қыздың "зорлау" ісін өз еркімен болды деп ауыстырған: Қазақстандық тергеуші салғырттық танытты деп айыпталды
Оқырмандар істің "ерікті жыныстық қатынас" ретінде бағалануына күмән келтірген