Алтынай Жорабаева мен жолдасы Түркиядан пәтер сатып алды (видео)
Алтынай Жорабаева жолдасы екеуі Түркиядан жаңа пәтер сатып алды. Бұл туралы әншінің өзі хабарлады.
"Алла ұлық! Алла ұлық! Барлық мақтаулар мен мадақтар тек қана Аллаға тән. Түркия елінен. Алания қаласынан, теңіздің жағасынан 7 жұлдызды 2+1 ( 3 бөлмелі) пәтер сатып алдық. Аллаға шүкір пайызсыз. Үй Алла бұйыртса 2022 жылы желтоқсан айында салынып біткенше бөліп төлейміз. Әр қазаққа жұғысты болсын! Демалуға келіп тұрамыз, Алла қаласа. Басқа уақытта жалға беріп, ақша табуға болады!", - деді Жорабаева.
Әнші парақшасында үйді қалай алғанын түсіндірді. Оқырмандары құтты болсын айтып, жұғысты болсын десіп жатыр.
"Құтты болсын! Ішінде шақалақтың даусы сыңғырласын! Әумин", "Бізге жұғысты болсын", "Іске сәт, өздеріңізге бұйырсын!", "Үй іші берекеге, балаға толсын!", деп жазды олар.
"Жандарым Алишка, Алтошка, шаңырақтарың құтты да берекелі болсын! Сырты малға, іші жанға толсын! Әлемнің түкпір-түкпірінен үйлерің болсын!!! Ин ша АЛЛА, бізде болашақта сендерді қуалап барып қалармыз!!! Альхамдулиллях!" - деп жазды әншінің інісі Талғат Жорабаев.