Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп әншілердің талғамы өте нашар": Отандық стилист Төреғали Төреәлі бастаған "талғамсыз" жұлдыздарды атады

Жоғары оқу орнын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген Алтынай Ергенбай университетте жүргенде орамал тағып, дін жолына түскен. Студент кезінде тұрмысқа шығып, уақыт өте келе дәм-тұзы жараспай, жұбайымен ажырасып кеткен. Қазір екі қыз тәрбиелеп отырған Алтынай сырт келбетіне байланысты жұмысқа орналаса алмай, біраз қиындық көргенін айтады. Стилист болуына айналасындағы адамдар айтатын комплименттер түрткі болған. Бұл туралы Алтынай Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

стилист

Екі қызын асырау үшін психолог-педагог болып жұмыс істеген. Сол салада жүріп дефектология, нейропсихология, жалпы психологияны жетік меңгере бастаған ол коуч-тренердің көмектері мен кеңестеріне көп жүгінген. 

- Психология жағын көп оқып зерттегеннен кейін өз-өзімді дамытып, кәсіби және психологиялық коучтардың тренингіне бардым. Коучпен сөйлескен кезде өзіңе не ұнайтынын анықта, саған көбінде комплиментті қай қырыңа байланысты айтады деді. Киімді жақсы үйлестіру қолымнан келеді екен. Маған айтылатын мақтауларың барлығы сырт келбетіме байланысты айтылады екен. Содан студент кезімнен киімге талғамым жақсы еді. Қыздар осы сен киімді қалай жақсы үйлестіріп киіп аласың, өзіңе жақсы жарасады дейтін. Соны неге бір жүйеге келтіріп ақшаға айналдырмасқа деген ой келді.

- Алғашқы жылдары стилистің көмекшісі болып бастаған ол, 2017 жылы стилистің базалық курсын бітірген. Сол кезден бастап өзін стилист ретінде танытуға жұмыс істеген.

-  Біз отбасымызбен суретшілерміз. Бала кезімнен сурет көп салатынмын. Құдай осы іске итермелеп, жетелеп тұрғандай көрінді. Қазақ әдебиетін бала күнімнен сүйіп оқығанмен, уақыт өте келе ол салаға бет бұрмадым. Өз-өзімді іздеп тану арқасында стилист мамандағын толыққанды менікі деп таныдым. 

- Стилист дегенде бірінші сырт келбетіне мән береміз. Орамалыңыз бұған кедергі келтірген жоқ па? 

- 2006-2007 жылдары оқып жүргенде орамалға келдім. Менің көп жұмысқа тұрума орамал кедергі болған. Сонының бәрі менің алға жылжуыма көп көмегін тигізді деп ойлаймын. Өйткені ормалда жүріп өзімді іздемесем, дамымасам, қазір стилист болып жүрмес пе едім. Стилист емес, логопед болсам да, күреп ақша табуым мүмкін. Бірақ ақша адамға жан тыныштығын алып келмейді. Ішкі жан-дүнием не қалайды деген көп сұрақты қойдым. Коучпен жұмыс жасай келе өзімді таптым.

Бірақ бір кедергі болғаны, ормал киіп жүріп қалай стилист боламын деген ой. Кейін келе, дұрыс киіну және басқаны киіндіре алу ол да бір үлкен өнер екенін түсіндім. Үнемі ішкі кедергілер болатын. Стиль мен ислам екеуі бір-біріне қарама- қайшы дүние деген сияқты. Кейін ол тек миымдағы шектеулер мен өзім қолдан жасап алған мәселе екенін түсіндім.Біздің қазақтарда осы сала әлі дамымаған. Дамытсам деген үлкен арманым бар.

Стилистика көбісі ойлайтындай қабілет емес, ол бірініш кезекте мамандық, үлкен бір ғылым. Әр адамның талғамы мен жан дүниесі әртүрлі. Бір адамды екінші адамға ұқсатып ешқашан киіндіре алмайсың. Оның параметрлері, жан дүниесі, өмір сүру салты, ұнататын, жарасатын түстері - бәрін білу керексің. 

стилист

- Дін жолында жүрген адамдар жарқырап жүрмеуі керек деген пікір бар. Бұған көзқарасыңыз. 

- Ислам - бізді шектеу емес, керісінше адамды дамыту. Кейбір адамдар біржақты қарайды. Жабыну көрінбеу, тықпалау, бәрін шектеу деп ойлайды. Дін шектемейді. Өзіңді жасыру өзіңді алдаумен тең.

Дінге келіп, алғаш орамал таққан кезде жабынып, көрінбеу керек, желіге сурет салмай, ер адамға қарап сөйлемеу керек деп ойладым. Бізге жұмыс жоқ деп өзімді қатты басып тастадым. Содан ішімдегі нағыз Алтынайдың солып бара жатқанын түсіндім. Бір кездері осы ой мені үлкен депрессияға алып келді деп айтсам болады. Өзімді жоғалтып ала жаздадым. Көбі маған өзгеріп кеттің, бұрынғы Алтынай емессің деп жазады. Адамның табиғаты қашан болса да шығады.

- Әдемі киімнің бағасы да "әдемі" болатыны түсінікті. Ал дінде ысырап етпеу деген бар. Қымбат кімдерді алу ысырапшылық деп ойламайсыз ба?

- Көп адам әдемі болуды ақшамен байланыстырады. Аз ақшаға да әдемі болып киініп жүруге болады. Ең бастысы, адамда талғам болуы керек. Үйлесім, баланс болу керек. Маған келген клиент 30 мың алып келсе де сол ақшаға киіндеремін, үш миллион алып кеп берсе де өзінің дәрежесінде киіндіруге болады. Стилистке барудың өзі ысырап деп ойлайтындар бар. Бірақ негізінде ол өзіңе құйған инвестиция. 

стилистСтилист ретінде қызметіңіз қанша тұрады? 

Сағаты 15 мың теңге. Басында қызметімнің нақты бағасын қоюға қорқатынмын. Бір жағы қарапайым халықтың жағдайын ойлап тұрасың. Адам өзін бағаламайынша клиент те сені бағаламайды. Бағамды қаншалықты төмен қойсам, олар менің кәсібилігіме күмәнмен қарайды. Тәжрибемен құндылық екеуі сәйкес келуі керек. Жұмысым мен құндылығымның ақшасын сәйкестендірдім. Келген клиентіңе беретін құныдылығың жоғары, бағаң төмен болса, өзіңе ауыр болады. Ал бағаңды өте жоғары қойып, беретін құндылығың аз болса, онда да қиын.

Бағамды сағаттап қоймасаң да адамдар кеңес алғанда жай әңгімегеге кетіп қалады. Ең маңыздысы уақыт екенін ұмытпау керек. 

- Өзіңізге қанша ақша жұмсайсыз?

- Өзім ақшаны есептемейтін адаммын. Ақша жинау, есептеу дегенге жоқпын. Өткенде бір айда миллионнан аса ақша жаратып тастаған кезім болған. 

Киім алып жатқанда бұл киімді қаншалықты ұзақ киемін, немен киемін, қайда киемін және қандай әсер қалдырады деген талаптармен аламын. Кез-келген киімге инвестиция ретінде қараймын. Мысалы, Түркиядан қымбатқа киім алсам, құрбыларым неге сонша қымбатқа алдың деп сұрап жатады. Оларға "Бұл киім маған он есе табыс алып келеді" деймін. Сырт келбетті көп адам шығын деп қарайды. Мен керісінше өзіме деген инвестиция деп қараймын. Шығын деп қарасаңыз адамның миы қатты уайымға кетеді, шығын деп ойланған сайын шығын шыға береді. 

Шыққан шығынды инвестиция деп қабылдаңыздар деп барлығына кеңес берер едім. Қаншалықты киенесіздер, соншалықты табыс табасыздар.

Қатып қалған дүние жоқ. Сапасы мен үйлесім болса бағасына қарамаймын. Қанша қиналып, кризисте жүрсем де, өзімнен аянып қалған адам емеспін. Ол нәрсе мені кедейшілікке алып келген жоқ. 

стилистҚазақ артың үңірейіп тұрғанда жылтырап жүргенің не  сән деп айтады. Бұл түсінікке көзқарасыңыз?

- Ішкі жан дүниесі керемет болса, болды сырт келбеті маңызды емес деген түсінік қалыптасып қалған. Неге жағдайы жоқ адам нашар киінуі керек? Сырт келбетіне көп қарап кетсе, кербез адам деп жаман көзқарас пайда болады.  

Мен айтар едім ішкі жан дүниең қандай, сырт келбетің де сондай. Сырт келбеті адамның ішкі жан дүниесінен хабар береді. Ішкі жан дүниең керемет болса, болды деген түсінікті алып тастау керек. 

Көп жігіттер ішкі жан дүниесі сұлу болса, сырт келбеті маңызды емес дейді. Өтірік. Кез-келген еркек ең бірінші кезекте сыртқы келбетке қарайды. 

- Танымал жұлдыздардан кімге қызмет көрсеттіңіз?

- Жұлдыздардан стилист бол деген ұсыныс түскен жоқ. Өзім де болуға ұсыныс тастаған жоқпын. Көбіне кәсіпкердерден тапсырыс түседі. 

Қазақ аудиториясы стилист жалдау, көмегіне жүгіну дегенге енді келе жатыр. Стилист деген сөздің өзін түсіне бермейді. 

стилистЭстрада әншілерінің талғамы туралы бір-екі тәмсіл...

- Шындығында қазақ эстрадасындағы көп әншілердің талғамы өте төмен. Нашар деп айтсам да болды. Талғамға мән бермеу өзгені сыйламау деп білемін. Халықтың алдына шығып отырған  соң, сырт келбетіңе қатты мән беру керексің. Әнімді тыңдасаң болды деп шыға берген болмайды.

Мысалы, жақында Төреғали Төрәлінің туған күні кешінде отбасылық киімін көрсеңіз жасыл-қара түсті киім таңдалған. Өте агрессивті көрінеді. Талғамсыздық деп айтса болады. Достарымның өзі стилистке жүгінсе болар еді ғой деп маған суреттерін жіберіп жатыр. Жамандағаным емес, бірақ осындай іш қынжылтулар болып тұрады. 

Еркенің стиліне қатты шағымым жоқ. Өзінің романтикалық ішкі жан дүниесін көрсете алатындай киінеді. Өзінің нәзіктігін көрсете алатын әншілердің бірі. Лидо сынды өте стильді болмаса да өз қабілетін, сұлулығын көрсете алады. 

Алтынай Жорбаеваға көңілім толмай жатады. Әттеген-ай, былай киінсе деген ойлар келеді. Кез-келген әнші өзінің сырт келбетіне жауапкершілікпен қарау керек. 

- Эпатажды киінетін Жолдыбаева туралы ойыңыз?

- Киім - адамның ішкі мінезінің көрінісі. Әр адам киім арқылы бір әсер қалдырғысы келеді. Мүмкін ол өзінің тартымдылығын, ашық екенін көрсетіп, назар аудартқысы келетін шығар. Стилист ретінде мен ешқашан адамдарды сөкпеймін. Үйлесімсіздігі мен талғамсыздығын айтуым мүмкін, бірақ мынау ашық киінеді, неге ашық киінеді деген сөз болмайды менде.  

 

Дайындаған: Жанна МӘЛІК

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...