Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтын туралы қызықты деректер

Алтын – әлемдегі ең танымал металл. Ол мыңдаған жылдан бері материалдық байлықтың өлшемі мен құндылық белгісі ретінде қызмет етіп келеді. Әрине, алтыннан да қымбат минералдар мен металдар бар. Алайда алтынның бағзы замандардан бері қаржылық тұрғыдан да аса бағаланатыны рас. Stan.kz алтын туралы қызықты деректерді ұсынады. 

Алтын туралы қызықты деректер

Алтынның иілгіштігі сонша, одан қалыңдығы небәрі 100 нанометр болатын жартылай мөлдір парақтар немесе тігуге арналған жіп жасауға болады. 

Алтынның органикалық қосылыстары медицинада көптеген ауыр дерттің емдеуге қолданылады. Мысалы, құздамалық артрит бар. 

Ғалымдар алтын мен темірден ауыр басқа да металдар нейтронды жұлдыздардың талқандалуының нәтижесінде пайда болды деген пікірде. 

Алтын табылғаннан бергі бүгінгі күнге дейін адамдар шамамен 161 000 тонна алтын өндірген. 

ХХ ғасырдың ортасында ғалымдар алхимиктердің арманын кездейсоқ жүзеге асырып, сынапты алтынға айналдырған. Сирек кездесетін металл сынапты зерттеу бойынша күрделі тәжірибенің нәтижесінде жанама нәтиже болып шыққан. Алайда мұндай жолмен алтын жасаудың мәні жоқ. Себебі құны айтарлықтай қымбат шығады. 

Алтын заманауи әлемдік экономиканың негіздерінің бірі болып табылады. Себебі аталған металлды тат баспайды, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады және сиректігіне байланысты, бағасы үнемі жоғары.

Бүгінгі күні алтынның әлемдік қоры шамамен 32 мың тоннаға бағаланады. Егер бұл металдың бәрінен текше жасаса, оның қырының ұзындығы небәрі 12 метр болады. 

Сусымалы алтын жеуге жарамды және аспаздық салада десерттерді безендіру үшін кеңінен қолданылады. 

Әлемде әр сағат сайын бүкіл адамзат тарихында өндірілген алтыннан көп болат балқытылады. 

Жердің барлық құрлығынан алтын кені табылған. Алайда осыған қармастан, сирек металл болып табылады. 

Ғаламшарымыздағы алтын қорының шамамен 80 пайызы әлі күнге дейін Жердің қалың қабатының астында деп саналады. 

Алтынның бір унциясынан ұзындығы шамамен 80 шақырым жіп созуға болады. 

Адам баласы тапқан ең ірі таза алтынның салмағы 72 келі болған. Ол жердің беткі қабатына жақын жатқан және «Сәлем, бейтаныс» деген атауға ие болған. 

Алтын аллергия тудырмайды. Сондықтан терісі тым сезімтал адамдардың өзі алтын әшекейлерді таға алады. 

Олимпиаданың алтын медальдары баяғыда-ақ алтыннан жасалмайтын болған. Десе де бастапқыда оларды расымен де бағалы металда жасаған. Қазіргі уақытта медальдар мен басқа да металдарды алтынмен жалатуға небәрі 6 грамм алтын қолданылады. 

1200 жыл бұрын мысырлықтар жүні қырқылмаған қой терісінің көмегімен теңіз түбінен алтын түйірлерін құмнан бөліп алған.

Киелі кітапта алтын туралы кемінде 400 рет айтылады. 

Ежелгі гректер алтынды су мен күн сәулесінің қоспасы деп ойлаған. Ал инктер алтынды Күн құдайының көз жасы мен адамдарға сыйы, ежелгі мысырлықтар Ра құдайының терісі деп санапты. 

Лидиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 560 жылы алтын мен күміс қорытпасынан жасалған әлемдегі алғашқы тиынды жасаған. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр