“Алты сағат аязда қалдық”: Астанада қатты суықтан ұшақ аспанға көтеріле алмаған
Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп, бірі кейінге қалып жатыр. Желіде ұшақтың қозғалтқышы аяздан іске қосылмай, жұртты әбігерге салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайы.

Фото видеодан алынды
Жолаушылардың бірі түсірген видеодадан ұшақ салонында оранып 40 минут бойы дірдектеп отырған халықты көруге болады. Qazaq Air әуе компаниясының рейсі Астана-Ақтөбе бағытында 7:40-та ұшуға тиіс еді. Алайда үш рет уақыты кейінге шегеріліп, жолаушылардың біразы билетін қайтарып берген.
Әуе компаниясы бәріне аязда қатып қалған қозғалтқыш себеп болды деп мән-жайды түсіндірді. Мұндай жағдайда әуежай қозғалтқышты жылытатын құралды дереу беруге тиіс екен. Алайда қажет жабдықтың болмай, Астананың сақылдаған сары аязында қалған ұшақ әуежайдан алты сағаттан кейін бір-ақ ұшқан.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”