Алты елдің көшбасшысы Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдады
АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия және Италия президенттері мен премьер-министрлері Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: runews24.ru
Кездесуден кейін, алты елдің көшбасшылары "Израильді қолдайтынын және оның терроризмге қарсы өзін-өзі қорғау құқығын растады" және "халықаралық гуманитарлық құқықты, соның ішінде бейбіт тұрғындарды қорғауға" шақырды. Сондай-ақ кепілге алынғандарды дереу босатуды талап етті.
"Көшбасшылар Газадағы мұқтаж палестиналықтарға алғашқы гуманитарлық көмек жеткенін хабарлады. Олар гуманитарлық көмекті тұрақты түрде жеткізуді жалғастыруға уәде берді", – деді Байден әкімшілігі.
Еске сала кетейік, 7 қазанда Газа секторын бақылайтын палестиналық ХАМАС қозғалысы Израиль қалаларын атқылаған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар