Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алпысбай туайын деп жүр ме?": Әнші Шахизаданың жаңа жылдық образы сынға қалды

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Шахизада жаңа жылдық образын көрсетіп, сынға қалды. Неше түрлі жылтыр көйлекті көрсеткен әншіні оқырмандары жүкті әйелге ұқсатып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін әнші бүгінде немере сүйіп отырған әже. 

“Фигура қалай былай?! Өзіме өзім ғашықпын ғой мен. Өзімізді қолға алып, осылай сұлу болып жүру әрқайсымыздың қолымыздан келеді ғой, қыздар! Өздеріңді бірінші орынға қойып, өздеріңе қарап жүріндер, сұлуларым!”, – жазды әнші. 

Алайда киімі мен биі үйлеспеген әншіні оқырмандары сынап тастады. “Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар деген сөз дұрыс айтылыпты” деген оқырманына, әнші: “Осы сөзді естімегелі көп болып еді” деп әзілдеді. “Ұят-ай, жүкті екенсіз” деп таңғалған оқырманына, “Менің жасымда осындай фигураға жетіп ал” деп ұрысып тастады. Алайда әншіні сабырға шақырған оқырмандарына “Несі бар, қазақта Алпысбай, Жетпісбай ла туған” деп жауап қатты. Әншінің көйлегін ұнатпаған енді бір оқырманы: “Әжемнің “буаз кесіртке сияқты не киіп алған?” деген сөзі есіме түсіп тұрғаны” деді. Алайда әншінің кейбір оқырмандары қолдап, дене бітімі мен сұлулығына жақсы пікір жаудырып жатыр. 

Еске салайық, әнші жақында бейтаныс ар адамнан ұсыныс алса да, тұрмысқа шыққысы келмейтінін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау