Альмира Тұрсын Ақан Сатаевты жұбайынан ажыратты ма? Актриса жауап берді
2019 жылы режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи туындысы жарық көрді. Ал бір жылдан кейін Сатаев жұбайы, бес баласының анасы Назира Бақаевамен ажырасқанын мәлім етті. Отандық БАҚ "Сатаевтың ажырасуына актриса Альмира Тұрсын себеп болды" деп ақпарат таратқан. Бұған қатысты ойын Альмира Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Томирис" фильмі резонанс тудырғаннан кейін және Ақанның (Сатаев) сол сәттегі соңғы туындысы болғаннан кейін, сондай бір сәйкестік болып қалды. Мені ол кезде "Боксер" фильмінің сценарийін жазуға шақырған", – деді актриса.
Альмира Тұрсын да бұрын тұрмыста болған. Алғашқы некесінен актрисаның 8 жасар ұлы өсіп келеді. Айтуынша, ол Сатаевтан әлдеқайда бұрын ажырасқан.
"Мен әлдеқайда бұрын ажырасқанмын. 5 жыл Астанада тұрдым, ол күйеуімнің жұмыс бабымен болатын. Екеуміз айырылысқандықтан, туған қалам Алматыға қайтып келдім. Себебі маған осы жақта ыңғайлы", – дейді өнер иесі.
Альмира өз ойын ақпарат ретінде жариялайтын журналистерге деген ренішін жеткізді.
"Бір фактіні екінші фактіге қосып, өз байламын жасап, одан жаңалық етіп шығару – журналист тарапынан кәсібилік емес деп санаймын. Себебі халық оны жаңалық деп қабылдайды.
Біз сұхбат беріп, растасақ, қандай да бір дәлел, зерттеу болса, түсінемін. Ол газетке шықса, ғаламторда жүрсе, халық шындық деп қабылдайды.
Ол кезде онсыз да өмірімде қиын сәттер болған. Себебі ажырасуымыз көптеген пунктер бойынша қиынға соқты", – деді Тұрсын.
Актриса отбасылы азаматқа ғашық болған жағдайда, ол үшін күреспейтінін ашық айтты.
"Махаббат немесе бақыт үшін күресу дұрыс деп санамаймын. Ал егер ол үшін күресу қажет болса, ол махаббат емес", – деді Альмира.