Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында аштық жариялады
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Бішкектің тергеу изоляторына ауыстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Замир Жоошевтің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысын бұрын өлім жазасына кесілген тұтқындар тұрған жертөлеге қамаған.
"Бұл камерада бүгін ғана жылу қосылды. Бөлмеде кәріз жүйесі жұмыс істемейді, есіктер үнемі ашық. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады", - деді Замир Жоошев.
Естеріңізге сала кетейік, Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. 6 қазанға қараған түні тәртіпсіздіктер болғанда оны босатып алды. 9 қазанда Атамбаев Ала-Тоо алаңында митингке шықты, ал келесі күні ол тағы да ұсталды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан