Алмазбек Атамбаев 26 тамызға дейін қамауда отырады
8 тамыз күні кешкі уақытта қарулы күштер қолға түсірген Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың 26 тамызға дейін қамауда отыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бішкектің Біріншімамыр аудандық сотына сілтеме жасап.

Сот мәліметі бойынша, Атамбаевқа қылмыстық кодекстің 43-бабының 2-бөлігі («Қылмыс жасауға қатысы бар») және 319-бабының 2-бөлігі («Жемқорлық») бойынша айып тағылып отыр. Осы уақыт ішінде Атамбаев ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің изоляторында отырады.
Сондай-ақ, соттағылар істің 2013 жылы қылмыс әлеміндегі авторитет Азиз Батукаевтың босатылуымен байланысты болып жатқанын айтты.
Естеріңізге сала кетсек, қақтығыстан кейін Алмазбек Атамбаев билікке өзі берілді. Бұдан кейін қырғызстандықтар орталық алаңда митингіге шықты. Желіде оларды милиционерлердің қалай таратқаны туралы видео тарады.
Тағы оқыңыз >>> "Махаббат заңсыздықтан биік, әлі әділдік орнайды": Атамбаевтың қызы жазбасымен жұрттың жүрегін елжіретті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі