Алматыда 2027 жылдан бастап автокөліктерге қойылатын талаптар күшейтіледі

Алматыда 2027 жылдан бастап көлік иелері мен жеке сектор тұрғындарына қатысты экологиялық талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда 2027 жылдан бастап атмосфералық ауаны қорғау қағидалары толық көлемде қолданысқа енгізіледі. Бұл талаптар кезең-кезеңімен іске асырылып, зиян шығарындыларды азайтуға бағытталған.
Өзгерістер көлікке, кәсіпорындарға және жеке секторға әсер етеді. Атап айтқанда, автокөліктер үшін катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар нормаларын сақтау секілді бірқатар талап енгізіледі. III санаттағы нысандар үшін сүзгілерді міндетті орнату, шаң басатын технология енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу талап етіледі.
Сондай-ақ, ережеге сәйкес, қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады. Бұл шаралар ауа ластануын азайтып, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп болжанып отыр.
Бұдан бөлек, қалада экологиялық аймақ белгіленуде. Аймақ Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікте, Абая даңғылынан солтүстікте, Желтоқсан көшесінен шығыста және Достық даңғылынан батыста орналасқан аумақты қамтиды. Жүйенің операторы ретінде "Алматы Паркинг" белгіленген. Экология және қоршаған орта басқармасы атап өткендей, жоба әзірге тестілік режимде жұмыс істейді.
"Жүргізушілерге қозғалысқа шектеу, айыппұл немесе кіру үшін төлем қарастырылмаған. Көрсетілген аумақтарда көлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асады", – деп хабарлады ведомство.
Басқарманың айтуынша, пилоттың негізгі мақсаты – дерек жинау және цифрлық инфрақұрылымды тексеру. Мамандарға трафиктің ауа сапасына нақты әсерін көру қажет. Техникалық кезеңде мынадай жұмыстар жоспарланған:
- Техниканы тексеру: ақылды камералар, радарлық сенсорлар және көлікті автоматты тану жүйелері әртүрлі ауа райы мен көлік жағдайында сыналады;
- Деректерді сәйкестендіру: ауа сапасы датчиктерінің көрсеткіштері көлік ағынының тығыздығымен байланыстырылмақ;
- Платформа құру: IT-қызметтер, экологтар және трафик мамандары арасында дерек алмасу жүйесі пысықталады.
"Біз автокөлік иелеріне шектеу енгізіп отырған жоқпыз, тек технологияны сынап жатырмыз. Датчиктердің ақпаратты қаншалықты дұрыс жинайтынын, жүйелердің деректерді қаншалықты жылдам алмасатынын тексереміз. Болашақта қаламыздың ауасын нақты деректерге сүйене отырып жақсартуға мүмкіндік беретін сенімді цифрлық негіз қалыптастырып жатырмыз", – делінген басқарма түсіндірмесінде.
ОқыңызТестілеу кезеңі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Еске салсақ, 2025 жылдың тамызында Алматы мәслихаты ауа сапасын қорғауға арналған арнайы экологиялық талаптар жобасын әзірлеген еді. Құжатқа сәйкес, экологиялық класы төмен көліктердің қалаға кіруін шектеу жоспарланған. Бұған дейін әкімдік мәліметінше, Euro-5-тен төмен көліктер орталыққа кіре алмай қалуы мүмкін. Ал қатты тұмша кезінде толық тыйым салу да қарастырылған.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді