Алматыда зообақта арыстандарға тас лақтырған азамат айыппұл арқалады

Алматыда қалалық зообақта арыстандарға тас лақтырған азамат жауапқа тартылды. Оқиға бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрларда жігіттің арыстан отырған вольерге қарай тасқа ұқсас зат лақтырғаны көрінеді. Осылайша ол қоғамдық орында өзін ұстау ережелерін елемеген.
Құқық бұзушыны полиция қызметкерлері тез арада анықтап, бөлімшеге жеткізген. Оған қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап, ер адамды кінәлі деп таныды.
“Жедел шаралар барысында оның кім екені анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс нәтижесінде құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деп хабарлады ведомство.
Әдетте ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік істе 20 АЕК (70-80 мың теңге аралығында) айыппұл салынады.
Зообақ әкімшілігі келушілерге жануарларды қорқытуға, ұруға немесе рұқсат етілмеген тағам беруге болмайтынын тағы да ескертті. Мұндай әрекеттер заңмен қатаң жазаланады. Ал қауіпсіздікті бейнебақылау камералары қадағалап отырады
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Оқыңыз