Алматыда зообақтағы тордан қашқан маймылды қолға түсірген сәт жария болды
Алматы хайуанаттар бағында шимпанзе Пашаны қалай қолға түсірілгені белгілі болды. Желіде маймылды ұстаған сәттің видеосы тарады.
19 сәуірде қысқы орыннан жазғы торға көшкен кезде ол тордың таяқтарын сындырып, тордан шығып кеткен еді.
Шимпанзе бала жатқан қоларба мен баланың анасын итеріп жіберді. Бала жарақат алып қалды. Хайуанаттар бағының мәліметінше, жәбірленуші мен оның анасы ауруханаға жеткізіліп, үйлеріне шығарылды.
"Жедел жәрдем бригадасы Орталық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 2021 жылы туған баланы жеткізді. Дәрігердің тексеруінен кейін ол тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деп хабарлайды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Хайуанаттар бағы қызметкерлері шимпанзені тез арада ұстап алып, оны қайтадан қоршауға орналастырды, бұл қайғылы жағдайдың алдын алды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді