Алматыда жатақханадағы жаппай төбелесте 1-курс студенті көз жұмды
Қазақстан ұлттық аграрлық унивеситетінің студенттері жатақханада жаппай төбелесіп, салдарынан төбелеске қатысушылардың бірі көз жұмды.

Фото: Анна Соловьева
Қадағалау ведомствосында атап өткендей, төбелес бірінші және екінші курс студенттері арасында шыққан, деп хабарлады Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ерегес университет жатақханасында түнгі сағат бірлерде басталған. Салдарынан 1999 жылы туған бірінші курс студенті көз жұмды. Пышақ іздері немесе басқа да жарақаттар анықталған жоқ. Жалпы төбелеске 10 адам қатысты. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесінде тіркелді.
Тағы да оқыңыз:
Ақтауда дүңгіршек ішінен екі адам өлі күйінде табылды
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі өзгеріп, Энрике Иглесиас концерт береді: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады