Алматыда жаңа жыл түні екі үйдің балконы өртенді
Алматыда екі үйдің балконында өрт болды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қалалық ТЖД мәліметі бойынша, бүгін 00:13-те “101” нөміріне Алмалы ауданы Брусиловский көшесі 56-үйдің 43 және 55 пәтерлерінің балкондары жанып жатқандығы жайлы ақпарат келіп түсті.
«Өрт сөндіру машинасы оқиға орнына 6 минуттан соң барды, 00:19-да. 00:55-те өрт толық сөндірілді» делінген ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова жолдаған мәліметте. Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Жапа шеккендер болған жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Мәскеу ауруханасында жатқан спортшы Расул Мырзаевтың суреті жарияланды
Жаңа жыл түні Қапшағайдың ең үлкен шыршасы өртенді (видео)
Павлодарда жолдың ортасында тұрған көлік түгі қалмай жанып кетті (видео)
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"