Бір бөлмеде 5 адам: Алматыда студентер жатақханасының талапқа сай емес екені анықталды
Жастар ұйымының көшбасшылары апта соңына дейін 93 жатақхананы тексермек. Айтуларынша, әрбір жатақханадағы студенттер ыңғайсыз жағдайда тұрып жатыр.
Мемлекеттік қыздар университетінің жатақханасында душ астыңғы қабатта. Ғимараттың төбесі көгеріп кеткен. Ыстық су бар. Мұнда 600 студент тұрады, деп хабарлайды Алматы арнасы.
«Душты түгелдей ауыстыру керек. Желдеткіші жоқ. Қабырғалар талапқа сай таза боуы керек. Ғимараттың кафельдерін де ауыстыру керек», – дейді Алматы қаласы Алмалы аудандық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Күнсұлу Ракимбаева.
Оқу орнының өзге жатақханасында кір жуғыш машинасы бар екен. Қызметкерлер үш машинаның бірі ғана ақылы екенін айтады. Құны – 200 теңге. Әр бөлмеде 5 қыз тұрады. Дәрігерлердің айтуынша, талап бойынша бір адамға 6 шаршы метрден келу керек. Бұл жерде қысылатынын белгілі. Алайда студенттер бұған ризамыз дейді. Өйткені жылына 30 мың теңге ғана төлейді екен.
«Санитарлық талаптар төмен. Дәретхана лас күйде. Жемқорлық фактілері жоқ. 4 адам тұруы тиіс бөлмеде 6 адам тұрады», – дейді қаладағы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының басшысы Алма Ауғанбаева.
Әрбір бөлмеде тоқ нүктелері жоқ. Телефон, басқа да құрылғыларды қуаттауға арналған бөлме бар. Бұл өрт болдырмау үшін әдейі жасалған дейді қызметкерлер.
Тағы оқыңыз:
Қазақстанда онлайн-несие қызметі жойылуы мүмкін