Алматыда Mercedes көлігі аялдаманы жайпап өтті (фото)
Алматыда Mercedes автокөлігін тізгіндеген жүргізушісі өзге көлікпен соқтығысып қалмас үшін, көлікті жолдың шетіне бұрып жіберіп, аялдаманы жайпап өтіп, билбордқа соғылды.
Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Сәтпаев және Масаншы көшелерінің қиылысында автокөлік бұрылып, Mercedes маркалы көлігін өткізіп жібермеген. Салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі соқтығысып қалмас тізгінді бірден жолдың шетіне бұрған.
Жол тайғақ болғандықтан, жүргізуші көлікті басқара алмай қалыпты. Салдарынан ол аялдаманы жайпап өтіп, билбордқа соғылған.
Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбе облысында қырғыз нөмірі тағылған микроавтобусқа оқ жаудырылды
Үйде 30 градус ыстық: Алматылықтар пәтердегі ыстықтан жалыққанын айтып шағымдануда
Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды
Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?