Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында қырғыз нөмірі тағылған микроавтобусқа оқ жаудырылды

Ақтөбе облысының тасжолында белгісіз біреулер қырғызстандық нөмір тағылған микроавтобусқа оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтөбе облысында қырғыз нөмірі тағылған микроавтобусқа оқ жаудырылды

Бул туралы Қырғыстан Республикасының ІІМ ресми өкілі Айымқан Күлүкеева Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Мәлімденгендей, оқиға сәуірдің 5-інен 6-сына ауған түні болған.

Болжам бойынша, автобус бұзылып, жүргізуші қажетті құралдарды алуға кеткен. Ал қайтып келгенде көлікке бірнеше оқ тигенін және жолаушының жарақаттанғанын көріпті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келіп жеткен.

Ал Ақтөбе облысы ІІД мәліметінше, оқиға 2018 жылдың 6 сәуірінде шамамен түнгі сағат 00:50-де орын алған.

Қырғызстан азаматы микроавтобуспен Мәскеуден өз отанына қайтып келе жатыпты. Алайда Ақтөбе тасжолында көлік істен шығып, жүргізуші біраз уақытқа кетіп қалған.

«Ақшат ауылының маңындағы «Солтүстік айналым» тасжолында белгісіз тұлғалар микроавтобус жолаушысына қарақшылық шабуыл жасап, қару қолданған. Шабуылдағандар ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған», – дейді полициядағылар.

Сондай-ақ, облыстық ІІд қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтты. Іс Ақтөбе облысының ІІД және прокуратурасының бақылауына алынған.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жолаушыл Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде жатыр.

Оқи отырыңыз:

Үйде 30 градус ыстық: Алматылықтар пәтердегі ыстықтан жалыққанын айтып шағымдануда

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды

Талқылау