Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйде 30 градус ыстық: Алматылықтар пәтердегі ыстықтан жалыққанын айтып шағымдануда

Алматылықтар пәтердегі ыстыққа шағымдануда. Қалада күн жылығандықтан, пәтерлердегі ауа температурасы 30 градусқа жеткен. Тұрғындардың кейбірі пәтердергі батареяларды жауып қойған. Алайда бәрі-бір жылудың ақысын төлеуге мәжбүр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Үйде 30 градус ыстық: Алматылықтар пәтердегі ыстықтан жалыққанын айтып шағымдануда

Бұл ретте қала тұрғындары жылу беру маусымының кестесін өзгертіп, сәуір айының ортасына дейін жылудың берілуін тоқтатса деп отыр. Алайда жылу беру жүйесіндегілер мұның мүмкін емес екенін айтуда.

Алматы қаласының тұрғыны Роза Есенқұлова пәтердегі жылуды наурыз айының басында өшіріп тастаған. Алайда жылудың ақысы көрсетілген есепшот әлі күнге дейін жіберілуде.

«Үй ысып кетеді. Қазір күн жылы. Жылу берудің қажеті жоқ. Алайда мен ол үшін әлі ақша төлеп отырмын. Әрине, бұған көңілім толмайды. Мен шенеуніктердің жылудың берілу кестесін қайта қарастырғанын немесе әр пәтерге қолданылған жылу мөлшерін көрсететін жеке құрылғы орнатылғанын қалаймын. Пәтердегі жылуды өшіріп отырған мен ғана емес. Мұндай пәтерлер көп. Үйдің ыстығынан көбі зардап шегуде», – дейді Роза Есенқұлова.

Мұндай жағдай Алматыда көктем және күз мезгілдерінде қайталанып отырады. Адамдар күннің ыстығына қарамастан, берілген жылу үшін ақысын төлеуге мәжбүр. Ал қаңтар айында күн қатты суыған кезде, тұрғындар үйлерінің суық екенін айтып шағымданған еді.

«Біреуге ыстық немесе суық болғанына қарап, мұндай шешім қабылдау мүмкін емес. Себебі тұрғындардың пікірі мен қалауынан бөлек, әлеуметтік нысандар да бар. Олар – ауруханалар, мектептер. Онда жылы болғанын қажет ететін адамдар бар. Бүкіл қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесін өшіру мүмкін емес. Бұл мұндай жүйенің бізге тәуелсіздікке дейінгі уақытта келуімен байланысты», – дейді Алматы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жылу-қуат кешені кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гирин.

Ал Еуропада бұл мәселе шешіліп қойған. Онда әр тұрғынның қолданылған жылу мөлшерін көрсететін жеке құрылғы бар және оны кез-келген уақытта өшіре алады. Біздің мемлекетте мұндай тәжірибе жоқ және пайда болар-болмасы да белгісіз. Ал қала тұрғындары бұрыннан бері жылу үшін төленетін ақыға шағымдануда. Себебі жаңа жылдан бері қыс айларында 1 шаршы метр үшін шамамен 300 теңге төлеу қажет.

Оқи отырыңыз:

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды

Қостанай облысында құдықтан табылған сәбиді өз анасы өлтірген болуы мүмкін

Талқылау