Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматыда Ислам Кәрімов атындағы көше пайда болды
Алматыда Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтың атындағы көше пайда болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: ILMARS ZNOTINS / AFP
Көшелердің біріне Ислам Кәрімовтың есімін беру туралы шешім қалалық мәслихаттың VI шақырудағы мәслихатының XXXIV сессиясында мақұлданды.
Әкімдіктің баспасөз қызметінде аталғандай, қаладағы 20 көшеге Тәуке хан, Есім хан, Фарида Шәріпова, Жаяу Мұса сияқты танымал тұлғалардың есімі берілген.
Сонымен қатар тағы басқа көшелерге Жеті жарғы, Ақжайнақ, Тайбурыл және тағы басқа атаулар беріліп отыр.
Атауы өзгерген көшелер қаланың Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарында орналасқан.
Бұған дейін хабарланғандай, қалада тек қайталанатын көше атаулары ғана өзгертілді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді