Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйелімен ренжісіп қалған жүргізуші жол апатына ұшырады

Алматы авто жолының тығырыққа тірелген жерінде жүргізуші жылдамдығын түсірмей, бағдаршам бағанасына соқтығысты.

2201648

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жол апаты Бөкейхан және Серіков көшелерінің қиылысында болды. Lada Priora Бөкейхан көшесімен солтүстік бағытында қозғалып келе жатқан. Серіков көшесімен қиылыста – тұйық. Әзірге белгісіз себептермен “Лада” жүргізушісі жылдамдықты түсірмей, бағдаршам бағанасына соқтығысады.

2201703

Соққыдан көлік қатты зақымданып қалды. Куәгерлер жүргізушіні салоннан шығаруға көмектесті. Кейіннен оны аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізеді.

2201593

Шамалы уақыттан кейін оқиға орнына зайыбы келіп, біраз бұрын екеуінің ұрсып қалғанын, күйеуі әйелінің жұмысына қарай шыққанын айтып берген.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда әйел екінші қабаттан құлап кетті

Қостанайда “жедел жәрдем” жол апатына түсіп, дәрігер қайтыс болды

Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді

Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті

Талқылау