Алматы-Шымкент жолында 49 адам мінген автобус аударылып қалды
Алматы-Шымкент бағытында келе жатқан автобус жол апатына түсіп, бір адам қаза болды, 20-дан астам жолаушы жарақат алды.

Фото: dknews.kz
31-қазан шамамен таңғы сағат 3:20 кезінде Алматы–Шымкент бағытында келе жатқан 31 адам мінген автобус Айша-бибі ауылының жанында аударылған. Жолаушылардың біреуі 20 жастағы қыз қаза болды, деп хабарлайды Sputnik.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жедел медициналық жәрдем үшін 13 санитарлық автокөлік жұмылдырылған. 3 адамға медициналық көмек оқиға болған жерде көрсетілді. №1 қалалық ауруханаға 28 адам жеткізілді, 8-і емдеуге жатқызылып, алғашқы көмек көрсетілген 19 адам үйлеріне қайтарылды. Бір бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Тағы да оқыңыз:
Латын әліпбиіне көшуге қанша қаржы керек екені белгілі болды
"59 миллион табыспен, 30 мың теңге төлеген": Қазақстанда әкелер алименттен қалай жалтарады және оларды қалай анықтауға болады
Желі қолданушысы бұрынғы күйеуімен ажырасқанына он жыл болғанын, осы уақыт ішінде ұлына алимент төлемегенін айтады
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"