Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында зорланған 8 жасар қызды оқушы бала құтқарып қалған

Алматы облысында оқушы бала 8 жасар қызды құтқарды. Бұл жайлы әлеуметтік желіде Ислам Кураев хабрлады.

photo_212874

«Оның есімі Тимур. Мен оны әлі көрген де жоқпын. Бірақ ол азаматтық жасады. 14 сәуір күні Қонаев атындағы мектептің оқушысы бір адамның өмірін арашалап қалды. Ол өз өмірін қатерге тіге отырып, қызды зорлаушы педофилден құтқарды. Ол жігіттің ерлігін бүкіл ел білуі тиіс», – деп жазады Ислам Кураев.

Блогердің айтуынша, осы ерлігі үшін оқушы баланы марапаттау керек.

«Бүгінде адамдар бәріне елеусіз қарайтын болды. Көптеген ересек жандар көріп тұрып қызға көмектеспей жанынан өте берді. Ал, Тимур көмекке шақырған бойда жүгіріп барды», – дейді ол.

Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын.

Талқылау