Алматы облысында жертөледе жарылыс болды
Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылында газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті. 1-4 дәрежелі күйік шалған төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Жексенбі күні жеке үйдің жертөлесінде 27 литрлік баллон жарылды. Абырой болғанда, үй өртенбеген.
“Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен бір техника жіберілді”, — деп атап өтті ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар зақым келген және пайдалану мерзімі өтіп кеткен баллондар тұрғын үйлердегі өрт пен төтенше жағдайларға әкеліп соқтыратынын ескертеді.
Тағы оқыңыз:
Шымкентте мектеп оқушысы терезеден секіріп кетті
ОҚО-да ауыл имамы уағыз арқылы терроризмді насихаттап келген
Назарбаев: Парламент пен үкімет тек қана қазақ тілінде жұмыс істеуі керек
Бекболат Тілеухан министрге: Наурыз таяп қалса да менің балам әлі Ю әрпін оқып жүр. Бұл қалай?
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған