Алматы облысында Toyota көлігі аударылып, екі адам көз жұмды
Алматы түбінде жол апатынан екі адам қаза тапты, үшіншісі ауруханада жатыр.

Жол апаты Іле ауданында болған, тамыздың 8-інен 9-ына қараған түні Өтеген батыр – Қызыл ту автожолында Toyota Camry трассадан құлап, аударылып түскен, деп хабарлайды Sputnik.
Оқиға орнында жолаушы ер мен әйел қаза тапты. Жүргізуші әр түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бастапқы мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған.
Жол апаты дерегіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу ісі басталды, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Тағы да оқыңыз:
Маса шаққан әйелдің аяғы мен қолын кесіп тастады
Ер адам ағасының қолын сөмкеге салып алып жүрген
Дәрігер жүкті медбикенің ішінен аяғымен теуіп, сабап тастады (видео)
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар