Алматы облысында екі бірдей ауылды су басып қалды
Алматы облысында толассыз жауған жауын кесірінен екі бірдей ауылды су басып, адамдар далаға шыға алмай қалды. Панфилов ауданындағы Әулиеағаш және Көктал ауылдарындағы 12 үй және 53 аула жаңбыр суының астында қалған.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Өткен тәулікте таулы аймақта нөсерлеп жауған жауынның суы ауылға қарай аққан. Тіпті Әулиеағаш ауылындағы Бурақожыр өзені арқылы өтетін көпірді де су шайып кеткен. Халық айналма жол арқылы қатынап жатыр. Қазір жаңбыр суынан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
«30 минут град жауды ең бірінші. Град где то 20-30 см болып қалды. Әулиеағаштың үсті. Таудың етегіндегі ауыл бұл. Ел-жұртты аман алып қалдық», – дейді Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"