Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жанжал кезінде тандыр нан сатушысын пышақтап кеткен

адам өлімі шетелдік пышақтау
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында тандыр нан сатумен айналысатын шетелдікті келушілердің бірі кеудесінен екі рет пышақтап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Ақтас ауылында болған. Ер адам адам келушімен сөзге келісіп қалып, жанжал төбелеске ұласқан. 56 жастағы күдікті пышақ ала жүгірген.

Марқұм 35 жастағы ер адам тандырханада соңғы бес жыл бойы жұмыс істеген. Жергілікті тұрғындар оның жақсы адам болғанын айтады. Тұрғындардың сөзіне сенсек, ол ешкіммен ренжіспеген, тіпті жұма күндері тегін нан таратқан.

Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлері кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайдильдин.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Айым Болатқызы
Жұма, 28 Тамыз, 2026 08:39