Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі миллионыншы тұрғын өмірге келді

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы перзентханада облыстың екі миллионыншы тұрғыны атанған сәби өмірге келді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

8ae25fbb4741cc7e323b635da3ffacb6_XL

Диас Шорманов пен Жарқынай Еменақынова үшін бұл екінші балалары. Бұған дейін олардың 3 жастағы қыздары бар болатын. Екі миллионыншы тұрғынның ата-анасы атанған педагогтар отбасын облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап келді. Және отбасына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

“Наурыз мейрамы ертеден бері жаңа өмірдің бастауы, үміт пен табыстың қайнар көзі болып келеді. Сол себепті Наурыз мерекесінің жақсы жаңалықпен басталғаны қуантады. Облысымызды екі миллионыншы тұрғын туды. Баланың өмірге келуі – отбасындағы әрқашан маңызды жаңалық, ал екі миллионыншы тұрғынның дүние есігін ашуы – бұл тарихымыз үшін тағылымды әрі ауыз толтырып айтарлық жағдай. Бұл қуанышты сәтке байланысты шын жүректен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін. Бала дені сау, бақытты болып өссін. Оны біздің елімізде жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімім мол”, – деді Амандық Баталов.

IMG-20170321-WA0016-(3)

“Басқа аналар секілді бүгін мен үшін үлкен қуаныш – отбасымызда екінші сәби дүниеге келді. Пәтер сыйлап тіпті қуантып отыр. Отбасымыздың атынан жасалып жатқан жағдай үшін мемлекет басшысына алғыс айтамыз. Жетісу тұрғындары мен барша еліміздің тұрғындары әр күн сайын өсе берсін. Әр қыз баласы ана бақытын сезінсін”, – деді бақытты ана. Отбасы сәбиге Нұрсұлтан деген есім берген.

Екі миллионыншы сәбидің анасы 28 жастағы Жарқынай Еменақынова Есік гуманитарлық колледжінде психологиядан дәріс береді. 29 жастағы Диас Шорманов О.Жандосов атындағы орта мектеп директорының орынбасары.

Алматы облысының халқы соңғы 5 жылда 25,3 пайызға өскен. Күн сайын өңірде орта есеппен 110-115 бала туады. Әсіресе, бұл тұрғыда Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар аудандары жоғары көрсеткіштерімен мақтана алады.

Оқи отырыңыз:

Алматылық зейнеткер немересін нағашы атасы мен жездесі қорлап келгенін айтып ашынды

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

Қазақтарға орысша “сәнді сөздердің” аудармасын қолдану ұсынылды

Талқылау