Алматы облысында бойжеткен жатақхана балконында асылып қалды
Алматы облысында колледж студенті өзіне қол салды. Бұл туралы желіде жария болды. Хабар авторы қайғылы оқиғаның Есік қаласында педагогикалық колледж жатақханасында болғанын атап өтті.

Болжам бойынша, 20 жастағы қыз көз жұмды. Соңғы рет желіге 24 қаңтарда шыққан. Ол желіге анасынан кешірім сұрап жазба қалдырған. Жазбада “Кешірші мені, анашым”, – деп жазылған.
Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады.
“Жас қыздың денесі Есік қаалсындағы жатақханадан табылды. Еңбекшіқазақ ауданы полицейлері тергеу жүргізді”, – дейді Алматы облыстық полиция департаментінде.
Баспасөз қызметі оқиғаның суицид ретінде тіркелгенін айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"