Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы тұрғыны қардың астынан қару-жарақ қоймасын тауып алды

Қапшағай тұрғыны үйінің жанындағы қарды тазалап жатқанда әр түрлі тапаншалар мен 179 оқ тауып алды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

60 жастағы ер адам қаруларды көрген бойда қалалық полицияға хабарлаған.

“Тіркелмеген қару-жарақты пайдалану мен сақтау заңсыз болып есептеледі. Және қаруды абайсыз қолданса, оқыс оқиғаға тап болуы мүмкін”, -дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның деректері бойыншаа, 2017 жылы аймақтан 891 атыс қаруы тәркіленді. Сонымен қатар, тұрғындар өз еркімен 140 “ствол” тапсырды.

2017 жылы  Алматы облысының аумағында атыс қаруымен 18 қылмыс жасалды. Оның 4-еуі адам өліміне әкелді.

Тағы оқыңыз:

Лондонда 300-ге жуық жолаушы метроға шалбарсыз келген (видео)

Павлодарлық жігіт әлеуметтік желі арқылы танысқан қыздарды тонап келген

Павлодарда уақытында медициналық көмек алмаған зейнеткер ауруханада қайтыс болды

Елімізде анонимді пікір жазуға тыйым салатын заң күшіне енді

Талқылау