Алматының орталығы тағы жарықсыз қалды
Алматы орталығының бір бөлігі 20 ақпанда тағы да жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алатау Жарық Компаниясы" жариялаған қаладағы электр желілеріндегі төтенше жағдай картасына сәйкес Төле би, Байтұрсынов көшелері, Сейфуллин даңғылы, Жамбыл көшесі, сондай-ақ Желтоқсан ауданы, Абай, Масаншы және Төле би көшелері жарықсыз қалды. Төтенше жағдай 10:20-да орын алған.
АЖК бұл ақпаратты растап, жарықтың өшу себебі анықталып жатқанын, оқиға орнында топ жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Екі сағатта жарық қайта қосылады деген болжам бар.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған