Алматының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді
Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен әшкереленді.
Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр.
2020 жылғы 22 қаңтарда Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынды.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"