Алматының бірнеше шағын ауданы сусыз отыр
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар тұрғын үйлер мен нысандар таңнан кешке дейін суық судан ажыратылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы су" МКК баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 сәуір күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында, яғни, Кекілбаев – Витебская – Гагарин – Левитан көшелерінде, сондай-ақ "Бағанашыл -2", "Қазақфильм", "Нұр Алатау" шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен нысандар суық судан ажыратылады.
"Суық судан ажырату себебі - жаңа су құбырының магистральдық желілеріне қосылу үшін жасалып отыр. Судан ажырату кезінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың өзге де нысандарына су автоцистерналармен жеткізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды