Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға адам толы автобустарды видеоға түсіру ұсынылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов алматылықтарға толып тұрған автобустарды видеоға түсіруді ұсынды. Осылайша, коронавирустың таралуына тосқауыл қоймақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шынында да, мұндай проблема бар. Мен тіпті адамдармен кездескенде, талқылағанда, автобустардың соңғы аялдамада тұрып, содан кейін біреуі жүріп, адамдардың бәрін жинап алып кететінін айтады. Мен Алматы тұрғындарынан сұраймын, егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, автобустың адамға толы екенін көрсеңіз, оны видеоға түсіріп, бізге жіберіңіз", - деді Рафаэль Гасанов.

Алматыда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия жанындағы мониторингтік топтардың үйлестірушісі Рауан Есіркенов қалалық мобильділік басқармасы соңғы аялдамаларда қоғамдық көліктерге үнемі дезинфекция жүргізіп жатқанын айтты.

"Иә, біз мұндай фактілер бар екенін мойындаймыз. Таңертең және кешке адамдар жұмысқа және үйге қайтқанда, автобустар толып кетеді. Бізде Алматы қаласын дамыту орталығында (АОА) 1308 колл-орталығы бар, ол 24 сағат жұмыс істейді. Қоңырау шалып, толып тұрған автобус пен оның нөмірін видеоға түсіре аласыз. Біз шара қолданамыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, соңғы тәулікте Алматыда коронавирусты 342 адам жұқтырғаны анықталды.

Талқылау