Алматылықтардың жағымсыз түтін иісіне жаппай шағымынан кейін экологтар ауа сапасын тексерді
Фото: air.org.kz
Алматы тұрғындарының қаладағы жағымсыз түтін иісі туралы шағымдарынан кейін, экология департаментінің мамандары, санитарлық дәрігерлер мен Қазгидромет синоптиктері атмосфералық ауа сапасын тексерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экология департаментінің мәліметінше, мамандар атмосфералық ауаны әртүрлі нүктелерде АДК сауда орталығы, “Москва” сауда орталығы, Наманган көшесі, Абай даңғылы, Қарасай батыр көшелерінде аспаптық өлшеулер жүргізген.
“Өлшеулер нәтижесі бойынша ауаны ластаушы заттардың ең жоғары рұқсат етілген концентрациясынан асып кету жағдайы расталған жоқ”, – делінген департамент хабарламасында.
Алайда департаменттің мәлімдемесі көпшілік шағымданғаннан бірнеше сағат өткен соң, жағымсыз иіс жоғалғаннан кейін жарияланған.
“Алматы қаласындағы атмосфералық ауа Қазгидромет тарапынан ауа сапасын бақылау бекеттері желісі арқылы тұрақты түрде мониторингтен өтеді. Қазір қалада 16 стационарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Әр бекет бойынша көрсеткіштерді AirKz мобильді қосымшасынан және ресми AirKaz.org сайтынан қадағалауға болады”, – делінген департамент хабарламасында.
Департамент Қазгидрометтен Алматы мен Алматы облысында атмосфералық ауаның жоғары және аса жоғары ластануы туралы ресми ақпарат келіп түспегенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Қазгидромет сайтында жарияланған кестеде ауадағы ластаушы заттардың шекті мөлшерден асқаны байқалады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі 2028 жылы қаладағы ауа қазіргіден екі есе таза болатынын айтқан еді.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты