Алматылық құтқарушылар қиранды астынан адам іздеуге арналған техника сатып алмақ
Алматы құтқару қызметі 100 миллион теңгеден астам қаражатқа қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Мемлекеттік сатып алулар сайтында барлығы 3 лот орналастырылған, ал тапсырыс беруші – Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметі.
- Қиранды астынан адам іздеуге арналған 5 микротолқындырадар: жоспарлы сома 53 миллион теңге;
- Топырақты зондтауға арналған 5 қондырғы: жоспарлы сома 43 миллион теңге;
- 5 эндоскоп – басқармалы камера: жоспарлы сома 8,9 миллион теңге.
Құтқару қызметінің мәліметінше, апаттық-құтқару жабдықтарын алу нормаға сәйкес жүзеге асырылады.
"Құтқарушылардың міндетіне сел, қар көшкіні секілді түрлі табиғи және техногенді апаттар кіреді. Мұнда жарақат алған адамның орнын тез анықтау қажет. Ал радар мамандар қолданатын арнайы құралдардың тек біреуі ғана", – деп жауап берген Tengrinews.kz сауалына.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"