Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ер адам бастығын өлтіріп, басы салынған пакетті көшеде алып жүрген

Жетісу облысында 55 жастағы ер адам бастығын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Getty Images / lovelyday12

Ақпанда патрульдік полиция қызметкерлері Қаратал ауданы Бастөбе ауылында пакетке адам басын салып алған мопед жүргізушісін ұстады. Ол 55 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты, ер адам жұмыс берушісін өлтіргенін мойындады.

Олар ішімдік ішіп, жиында отырған. Сол кезде ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, мәйітті асхана пышағымен бөлшектеп, зиратқа апарғысы келген. Оның жалға алған үйін тінту кезінде марқұмның бірнеше сөмкеге салынған денесінің қалған бөліктері табылды. Марқұм 50 жаста болған.

"Полицейлер қыста мопедпен пакет арқалап жүрген ер адамға күдікпен қарап, оны тінтіген. Соның арқасында қылмыскерді ұстады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау